Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаңақоныс ауылында жаңа мешіт ашылды (ФОТО)

Ақтөбе «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 29.05.2017 4116 0 пікір
Жаңақоныс ауылында жаңа мешіт ашылды (ФОТО)

Шара басында қасиетті Құран Кәрім аяттары оқылып, шараның шымылдығы ашылды. Тұрғындарды сәулеті жарасқан жаңа мешіттің бой көтеруімен құттықтаған облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов келе жатқан Рамазан мүбәрак болғай деп игі тілегін жеткізді. Мешіт салудың сауапты амал екендігін айтқан өкіл имам Төлеби Оспан мінәжат ордасының құрылыс жұмыстарына атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдіріп, Алланың рахметін тіледі. Және игі іске ең әуелгі  ұйытқы бола білген Сағынай қажының еңбегін еркше атап өтті.

Мешіттің зердесін кесу құрметі мешіт алқасының төрағасы Сағынай қажы Хусаиновке, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Ахметұлы және өкіл имам Төлеби Дәділұлына берілді. Ресми түрде лентасы қиылған жаңа құлшылық ордасының ішкі сәулетімен танысқан жамағат мешітте жұма уағызын тыңдап, имамның оразаның парыздығы мен пайдасы туралы айтқан насихатына құлақ түрді.

Уағыздан кейін жамағатқа діни оқу орындарын тәмамдап келіп, облыс аумағына қызметке бөлінген түлектердің  бұйрықтары таныстырылды. Жауапты міндет жүктелген жас мамандар аудан, ауыл мешіттеріне имамдық және ұстаздық қызметтерге тағайындалып, ақсақалдар оларға ақ жол тілесіп, бата берді.

Жамағатпен оқылған жұма намазынан кейін шара қатысушыларына дастархан жайылып, қонақасы берілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру