Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Рамазан айына байланысты брифинг өтті (ФОТО)

ҚМДБ Қостанай баспасөз қызметі www.akmechet.kz 29.05.2017 3489 0 пікір
Қостанай:  Рамазан айына байланысты брифинг өтті (ФОТО)

Бүгін Қостанай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде алдағы қасиетті Рамазан айына байланысты брифинг жиыны болып өтті. Оған ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет, найб имам Дархан Сыздықов қазақ тілінде және Рудный қалалық «Нұр» мешітінің найб имамы Саян Қосжан қатысып орыс тілінде ақпарат берді.

img01

Алдымен облыстың бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы БАҚ өкілдеріне Рамазан айына дайындық және ораза туралы айтып берді. Онда алдағы Рамазан айының ерекшеліктері туралы баяндалып, ораза ұстау, пітір садақа, Қадір түнінің артықшылықтары жайлы да сөз қозғалды.

img01

Биылғы Рамазан айы 27-мамыр күні басталып, 29 күнге созылады. Ал, қасиетті Қадір түні маусымның 21-інен 22-не қараған түні өткізіледі. Ораза айт мейрамы маусым айының 25-нен басталады.

img01

Пітір садақа көлемі Республика бойынша жан басына шыққанда 300 тенге болып бекітілгенін де айтылды.

img01

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру