Орталық коммуникациялар қызметінің Ақтау қаласы филиалында ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейітбеков рамазан айына қатысты брифинг өткізді.
Жиында облыс имамы журналистерді алда келе жатқан Рамазан айымен құттықтап, ораза туралы кеңінен түсінік берді. Сондай –ақ, биылғы пітір садақ көлемі 300 теңге болатындығы айтылып, өңірдегі қала, аудан мешіттерінің барлығында кешкісін ауызашар ұйымдастырылатынын мәлімдеді. «Облыстық орталық мешіт күнделікті 150-200 адамға, қалалық мешіт 100-150 адамға дастархан жаятын болады»,- деді өкіл имам С.Сейтбеков.
Брифинг барысында қатысушыларға су жаңа кітап - Жаназа кітабы таныстырылып, тілшілерге бір данадан сыйға берілді.
Өкіл имам журналистердің сауалдарына жауап беріп, ораза Айт маусымның 25-і күні басталатындығын, Айт намазы өңір мешіттерінің барлығында таңғы сағат 7.00 де оқылатындығын хабарлады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
29.05.2017
3098
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру