Өткен аптада Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұйымдастыруымен әйелдерге арналған діни сауат ашу курсы шәкірттерінің арасында Құран жарысы өтті. Алланың Кәләмін жаттаған әжелерге дейін байқауға қатысуға ынта білдіріп, қызығушылық танытты. Өз кезегінде, қасиетті Құранды түгелдей жаттап, қияметте ата-анасына алтыннан тәж кигізуді аңсаған әйел, қыз-келіншектеріміз де қалыс қалған жоқ.
Жарыс екі номинация бойынша өтті. І бағыт «Піл» мен «Нас» сүрелерін, ал ІІ бағыт «Шәмс» пен «Нас» сүрелері аралығын қамтыды.
Қатысушыларға төрелік еткен мешіт ұстаздары олардың ең әуелі әр әріптің ақысын беріп, ережеге сай қатесіз, мүдірмей оқуына, қырағаты мен жаттау қабілетіне қарап баға берді.
Нәтижесінде, І бағыт бойынша Таңшолпан Қаймолдина өзге қарсыластарынан оқ бойы озып, жеңіске жетті. ІІ орынды Ақниет Сәрсенғали, ІІІ орынды Маху Гүлайым иеленді. Жеңімпаздар ен жүлдегерлерге сәйкесінше 20 000, 10 000 және 5 000 теңге көлемінде сертификаттар мен Мадақтамалар табыс етілді.
Жарыстың ІІ бағыты бойынша сынға түскен шәкірттер шын мықтыны анықтағанша біраз тер төкті. Толқыныста болса да, талпыныстарынан таймаған олардың әрқайсысы ең әуелі жеңіске жетуді емес, ойлады.
Нәтижесінде, «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітіндегі діни сауат ашу курсының шәкірті әрі мешіт қызметкері Маржан Есқалиева Құран жарысының жеңімпазы атанып, 30 000 теңгелік сертификатпен, Мадақтамамен марапатталды. ІІ орынды Анар Қойшығұлова және ІІІ орынды Гүлжанат Иманғазина иеленді. Оларға да 20 000 және 10 000 теңге көлемінде сертификаттар тапсырылды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
www.nurgasyr.kz
29.05.2017
3885
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру