Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Вице-министр орталық мешітті аралады (ФОТО)

Алматы орталық мешіті 29.05.2017 2894 0 пікір
Алматы: Вице-министр орталық мешітті аралады (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Арын Берік Сақбайұлы арнайы іс-сапармен Алматы қалалық орталық мешітінде болып, Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Ауесханұлымен және қаланың Бас имамдарымен кездесті.

Жиынға сондай-ақ қалалық дін істері басқармасының басшысы Айдар Рахымжанұлы қатысты. Кездесу барысында вице-министр мешіт тынысымен танысып, жаңа орнатылған садақа қабылдау құрылғысын көріп, оң баға берді. Сондай-ақ, дін істері төңірегінде өзара қарым-қатынасты нығайту және теріс ағымдардың таралуының алдын алуға қатысты имамдар тарапынан болған тың ұсыныстарды тыңдап, осы тұрғыдағы өз ойларымен бөлісті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру