Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иманғали» орталық мешітінде биылғы алғашқы тарауих намазы оқылды (ФОТО)

«Иманғали» орталық мешіті www.islam-atyrau.kz 27.05.2017 3616 0 пікір
«Иманғали» орталық мешітінде биылғы алғашқы тарауих намазы оқылды (ФОТО)

27-мамыр күллі мұсылман жұртшылығы асыға күткен Рамазан айының кіруіне байланысты 26-мамыр күні «Иманғали» орталық мешітінде тарауих намазы оқылды.

Тарауих намазына Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Дүйсешұлы арнайы қатысып, құптан намазының алдында жиылған жамағатты Рамазан айымен құттықтады.

Сондай-ақ, ҚМДБ-ы Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы Рамазан айының қадір-қасиеттері туралы кеңірек тоқталды.

– Намаз оқып, ораза тұту, зекет беру – бұл Алланың әмірі. Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетінде олардың орындалу реті, тәртібі түгел көрсетілген. Ендеше, шариғат көрсеткен күндерде ораза ұстауымыз керек. Айлардың сұлтанында тілеген дұға қайтарылмайды. Қолдан келгенше жақсылық жасауда жарысып, Алланың разылығына қауышу – баршамыздың мұсылмандық міндетіміз, – деген өкіл имам  30 парадан тұратын Құранды шетелдік екі қаридың хатым ететінін жеткізді.

Бас имамның айтуынша, өңірімізге Құран хатым түсіру үшін Түркия Республикасынан арнайы шақыртылған Мұстафа Зенжиржи мен «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Хусейн Кая атты түркиялық қарилар бір ай, яғни 30 күн бойы оқылатын тарауих намазын жүргізеді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру