Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Рамазан айының құрметіне қайырымдылық жасалды (ФОТО)

25.05.2017 3480 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда  облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай бірнеше шаралар бастау алып кетті.

Соның бірі – орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті тарапынан ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы.

Қайырымдылық жасау – мұсылманның сипаты, Рамазан айы – қайырымдылық айы екенін ескерген мешіт ұжымы бірнеше мұқтаж отбасыларына қол ұшын созып, көмек көрсетті.

Мешіт тарапынан тұрмысы төмен және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға азық-түлік түрінде қайырымдылық жасалды.

Өз кезегінде көмек алушы отбасылар алғысын жеткізді.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру