Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Өкіл имам баспасөз мәслихатын өткізді

25.05.2017 3803 0 пікір

Қасиетті Рамазан айына байланысты ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы Өскеменде баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз басқосуына Шығыс Қазақстан облысындағы БАҚ өкілдері, Өскемен қалалық әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты.

Жиында өкіл имам ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти хазіреттің Рамазанға байланысты Үндеуін таныстырып, құттықтауын оқып берді.

Сонымен қатар, қасиетті  Рамазанның мұсылмандар үшін маңыздылығына тоқталды.

«Рамазан сауап айы. Бұл айда мұсылмандар неғұрлым адамдарға жақсылық жасауға, қайырымдылық көрсетуге асығатын ай. Ораза ұстау арқылы тек ішіп-жеуден ғана емес, артық сөзден, жаман әрекеттен тыйылып, адам өзін тек жақсылыққа бейімдейді. Біз облыстық мешіт тарапынан бұл айда көптеген игі шаралар жоспарлап отырмыз. Бұйырса жүзеге асырамыз», - дей келе Рамазан туралы ғибратты тағылымдар айтып, журналистердің сауалдарына жауап берді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру