
Павлодар қаласы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің Бас имамы Дулат Матаев «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының «Руханият» бағдарламасына қатысып, «Отанды сүю иманнан» тақырыбында арнайы сұхбат берді.
Ислам – бейбітшілік пен тыныштық діні екенін ұғындыру мақсатында жүргізілетін бағдарламада имам жастарды отаншылдыққа баурау, жат ағымдардан арбауынан сақтандыру жолдарын айтты.
Ислам дінінде Отанды қорғаған адамға Ұлы Жаратушының шексіз мейірімі болатыны айтылған. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отанды қорғаудың қасиетті борышы екендігін атап өткен.
Сондықтан ғасырлар бойы ислам дінін ұстанған ата-бабаларымыз Отанын ерекше сүйіп қастерлеген. Қазіргі кезде Отан деген қастерлі ұғымды мойындамай, қарсы шығатын жат ағымдар жеткілікті.
«Сондықтан біз жас ұрпаққа отаншылдық ұғымын түсіндіруге тиіспіз. Өйткені Отанды сүю – біздің перзенттік парызымыз. Бабалар қалдырған аманатқа адал болуымыз керек», - дейді Дулат Қабиденұлы.
Бүгінгі күні жат ағымдардың өкілдері Отанды мойындамай, мемлекетіміздің құндылықтарын теріске шығарып, шетел асып жатқандарын көріп отырмыз. Сондықтан діни білімді ғаламтордан емес, арнайы ҚМДБ-ның имамдарынан мешітке барып алу керектігі айтылды.
«Асыл дініміздің атын жамылған сектанттар көбінесе өшпенділікке шақырады. Отанды сүю деген жаумен күрес ғана емес, адал еңбек етіп, өз еліңнің, өз отбасыңның дамуына үлес қосу», - дейді имам.
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.05.2017
3342
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру