Кеше Орал қаласы бойынша қасиетті Рамазан айына қатысты шараларды ұйымдастыру бойынша жиналыс болып өтті.
Жиынға Орал шаһарының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, БҚО Дін істері жөніндегі басқарма өкілдері, қоғамдық бірлестіктің жетекшілері, ардақты ақсақалдар, ел ағалары, БАҚ өкілдері қатысты.
Алдымен қала әкімі Нариман Төреғалиұлы жиынды басқарып, елімізде тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың, діндер мен конфессиялардың мәдениеті мен дәстүрін дамытып, өркендетуге барынша жағдай жасалған. Біздің қаламызда да этносаралық татулық пен достықты сақтап нығайтуға бағытталған жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Бүгінгі күн тәртібінде-мұсылман қауымының ерекше ұлықтайтын мерекесі Рамазан айына байланысты қала бойынша іс-шаралар ұйымдастыру мәселесі болып отыр. Айтулы мерекеге облыс орталық мешітінің Бас имамы Руслан қажы Сұлтановқа сөз кезегін ұсынды.
Руслан Тыныштықұлы келе жатқан Рамазан айымен құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының исі мұсылман жамағатына арнаған үндеуін жеткізіп, облыс көлемінде дайындық жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатқанын айтып, облысықа Түрік елінен төрт қари келетінін жеткізді.
Ел ағалары ұсыныс пікірлерін айтып, ортақ шешімге келді.
Облыс имамы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
ҚМДБ БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ БҚО өкілдігі
25.05.2017
3042
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру