Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Уағыз айтылмаған ауыл қалмасын (ФОТО)

24.05.2017 3339 0 пікір

Осындай ұранмен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облысқа қарасты аудандарда ақпараттық-насихаттық шаралар өткізілді.

Атап айтар болсақ, облыстың Арал, Қазалы, Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш, Сырдария, Қармақшы аудандарында мешіт имамдарынан құралған топ кездесулер ұйымдастырды. Кездесулерге орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы, қалалық «Айтбай» мешітінің Бас имамы Керімбеков Нұржан Пірәліұлы, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы Гаджиев Мұхтар және қала имамдары қатысты.

Аудандарда және ауылдық округтерде өткізілген кездесулерге тұрғындар, жастар, мамандар қатысып, сала мамандарынан көкейлеріндегі сауалдарына жауап алды.

Сондай-ақ, мектептерде жасөспірімдермен кездесулер өтіп, оларға дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолдары, діни сауаттылықты арттыру бағытында насихат жұмыстары жүргізілді.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру