Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау облысы: Өкіл имам Бейнеу ауданында (ФОТО)

23.05.2017 3716 0 пікір

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков 20-21 мамыр күндері Бейнеу ауданына арнайы іс-сапармен барды. Сапар барысында Бейнеу аудандық мешітінде 20 мамыр күні шам намазынан кейін «Ғайбат айту ауыр күнә» тақырыбында уағыз айтты. Уағыз барысында ғайбат айту қаншалықты күнә екенін білсек те, осы жаман әдеттен арыла алмау ақыретіміз үшін қасірет болады деп айтып өтті. Уағыз соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

21 мамыр күні Бейнеу ауданына қарасты Боранқұл ауылына арнайы барып, «Боранқұл ауылдық мешіт» жұмысымен танысып, мешітте жамағатпен кездесіп, «Пенденің ақысын жемеу» тақырыбында тұшымды уағыз айтты. Уағыз соңында жамағат көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп, Бейнеу селосына оралды. Сол күні ақшам намазынан кейін аудандық мешітте «Зина жасаудың күнәсі» тақырыбында уағыз айтты. Уағыз барысында ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін жан-жақты түсіндіре келе, тақуалық жайында сахабалардың ғибратты өмірінен мысалдар беріп өтті.

Мешіт жамағаты өкіл имам С.Сейтбековке ризашылықтарын білдірді.

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру