
Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Рамазан айы қарсаңында ерлер арасында «Кел, бір сүре жаттайық» атты II облыстық Құран жарысы болып өтті. Игі шараға мешіт жанындағы «Сауат ашу» курстарында білім алып жүрген, Құранның соңғы 3 парасын жаттаған шәкірттер қатысты.
Өкіл имам Смайыл Сейтбеков өз сөзінде: «Құран – адамзатты жақсылыққа бастайтын, екі дүние жақсылығына жетелейтін Алланың сөзі. Құран оқыған жанның көңілі шаттыққа бөленіп, жүрегі жай табады», – деді.
Әділқазылар сайыс барсында үміткердің Құранды жатқа айтуына, әріптердің дыбыстарын дұрыс шығарылуына, тәжуид қағидасына сай мәнерлеп әрі көркем оқуына баса назар аударды. Облыс бойынша 13 шәкірт қатысқан сайыс нәтижесінде Кульчанов Қуаныш бас жүлдеге ие болып Умра қажылығына тегін жолдама алса, I орынды 13 жастағы Мұхаммед Естұрұлы, II орынды Суранчиев Мирас, III орынды Нұрдаулет Серікқалиұлы жеңіп алды. Өкілдік тарапынан қатысушылардың баршасы алғыс хатпен марапатталып, жүлделі орындардан көрінген шәкірттерге қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
«Құран оқыңыздар! Расында, Қиямет күні ол өзін оқығанға шапағатшы ретінде келеді». (Муслим).
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.05.2017
3813
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру