Еліміздің батыс өңірінің имамдары мен жамағаттары ислам ғалымдарынын дәріс алып, біршама өзекті сауалдарына жауап тауып, діни білімдерін жетілдіре түсті. Нақтырақ айтсақ, Батыс Қазақстан облыстық Дін Істері басқармасының бастамасымен "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор Жуда Абдулғани Басюни, Аппарат жетекшісі Болатбек Абуов және ақида саласынан ғылым доқторы Мухаммад Амин мырзалар облыс имамдарының біліктілігін арттыру бойынша үш күн бойы семинар өткізіп, діни жамағаттармен, әсіресе, теріс діни бағытты ұстанушылармен кездесті.
Қазіргі таңда жамағаттарды жікке бөлген жат ағымдардың басты түйіткілдері мұсылмандардың сенім жүйесіне сай сауалдар бойынша, деструктивті діни ағымдардың пиғылдарын ашып түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ел бірлігі мен ынтымағы жолында мемлекеттік маңызы бар бұл шара Талғат Нығметов басқаратын БҚО Дін істері басқармасымен "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті арасындағы екі жақты серіктестік меморандумы бойынша жүзеге асырылды. Меморандумға сай мамандар даярлау, университет түлектерін аймаққа жұмысқа тарту, профессорлық-оқытушылық құрамды оқыту семинарларына шақыру көзделген.
БҚО Дін істері басқармасы және ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігі тарапынан жүргізілген кәсіби бағдар беру нәтижесінде бүгінде “Нұр-Мүбарак” Египет ислам мәдениеті университетінде жалпы саны 24 адам (19 ер адам, 5 әйел адам) жоғары білім алуда. Дәл осындай кәсіби бағдар беру жұмыстардың нәтижесінде 27 талапкер алдағы қабыладу науқанында аталмыш “Нұр-Мүбарак” Египет ислам мәдениеті университетін таңдап отыр.
“Нұр-Мүбарак” Египет ислам мәдениеті
университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.05.2017
3231
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру