Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сарыағаш медресе-колледжінің жаңа ғимараты ашылды (ФОТО)

23.05.2017 8599 0 пікір

Сарыағаш медресе-колледжін білмейтін жұрт кемде-кем. Сол медресе-колледжінің жаңа ғимараты ашылады дегенді естіген жұрт тағатсыздана күткен еді, міне, көптен күткен салтанатты ашылуы да болып өтті. Мамыр айының 19 жұлдызында «Сарыағаш» медресе-колледжі салтанатты түрде білім іздеген жас ұрпаққа есігін айқара ашты. Ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМБД ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбек, Абдулла қажы Жолдас, Арман Қуанышбаев сынды ғалымдар және т.б. облыс және қала имамдары қатысты. Серікбай қажы жаңа медресе-колледжінің кілтін жаңадан сайланған директор Абдуғаппар Смановтың қолына табыстады.

Сарыағаш медресе-колледжі жалпы 350 шәкіртке арналып салынған. Ескі ғимаратта 300-ге жуық шәкірт білім алса, оның 100-ге жуығы дипломын алуға дайындалып жүрген көрінеді. Жаңа оқу жылында 150-дей жаңа шәкірт қабылдауды жоспарлап отыр.

Жаңа медресе ғимараты заманауи стандартқа сай салынған. Іші толығымен дерлік жиһазбен жабдықталған. Шәкіттерге арналған жатақхана, асхана, қонақтарға арналған қонақ бөлмелері, арнайы жуынатын бөлмелері тағы бар.

Медресенің ашылуына орай қарилар арасында Құран жарысын, балуандар арасында күрестен турнир өткізілді. Бірінші орындағыларға умра, қажылық, қалған орындарға ақшалай сыйлықтар берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру