
Қасиетті жұма күні Тараз қаласындағы Ықылас Дүкенұлы көшесінде «Әл-фирдауси» мешітінің ашылу салтанаты өтті.
Мешіттің ашылуына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы, қала имамдары, жамағат, облыстық дін істер басқарамасы және қалалалық ішкі саясат басқармасының өкілдері келіп қатысты. Сонымен қатар, қалалық және облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері де жиында болды. 500-700 адамға арналған құлшылық орнын Тоқтамысовтар әулеті салдырған.
Салтанатта ең бірінші болып сөз бастаған Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінің Бас имамы Қанат Жұмағұл мешіт салудың сауаптылығы жайында уағыз айтып, мешітті тұрғызып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қарауына тапсырып берген Тоқтамысовтар әулетіне алғысын білдірді. Ал Сайлау қажы ақсақал дүйім жамағатқа батасын берді.
Көпшілікке мешіт қызметкерлері таныстырылды және жұманың алдындағы уағызды қала имамы Қанат Жұмағұл бастап берді. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің Бас имамы Данияр қажы Жұмабаев өз сөзінде дүйім жұртты мешіттің ашылуымен құттықтап, Құран Кәрімді сыйға тартып, құлшылық үйін салдырған Тоқтамысовтар әулетіне алғыс хатын табыстады.
Қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі
























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.05.2017
4578
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру