
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Жалпы және жастар ісі" бөлімі "Әйелдер-қыздар" секторының «Нұр Астана» орталық мешітіндегі «Жібек» қыз-келіншектер клубы әр түрлі ұлттық тағамдар әзірлеу бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Шара барысында ас әзірлеуде ескеретін талап-шарттарды «Жібек» клубының мүшесі, аспазшы Гулий Анапьяева таныстырып, қыз балаларға тәжірибелік сабақ көрсетті.
Шеберлік сабағы мешіттен тәлім-тәрбие алып жүрген қазақ қыздарына ұлттық тағам түрлерін үйретуде алғашқы игі бастама болып отыр. «Жібек» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Динара Нұрғалиева сынды білікті аспаздың сабағы қыз балалардың ұлттық әрі өзге де халықтар тағамын дайындаудағы шеберлігі мен тәжірибесін арттыра түсетінін жеткізді.








«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.05.2017
3891
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру