Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау өкілдігі Рамазанға дайындық жұмыстарын бастады (ФОТО)

20.05.2017 3224 0 пікір

17 мамыр күні ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен облысқа қарасты имамдардың кезекті жиналысы болып өтті.

Жиынның күн тәртібінде қараған басты мәселесі – қасиетті Рамазан айына дайындық және осы орайда алдын-ала жүргізілетін дайындық жұмыстарын пысықтау.

Қала, ауыл имамдары бас қосқан жиын барысында өкіл имам Рамазан айында ҚМДБ бекіткен төрт бағыт – діни-ағарту, қайырымдылық, үгіт-насихат, экстремистік ағымдармен күрес шараларын ойдағыдай атқарып, жамағатпен тығыз байланыс жұмыс жасау мақсатында қала, ауыл имамдарына арнайы тапсырмалар жүктеді.

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру