Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен қасиетті Рамазан айы қарсаңында асыл дініміздің рухани құндылықтарын, халқымыздың салт-дәстүрлерін насихаттап, елімізді аралап жүрген «Өнер қырандары» театры Қызылжар қаласына ат басын тіреп, қалың жұртты өз өнерлерімен тәнтті етті.
Облыстық драма театрына жиналған көрермендерді алдағы Рамазан айымен құтықтаған ҚМДБ-ның өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы «Берекелі мереке - 3» деген тақырыптағы патриоттық рухани кешімен сауапты сапарда жүрген театрға сәттілік тіледі.
Әзіл-сықақ театрының арасында алда келе жатқан «Өнер қырандары» трагикомедия жанрына да шебер екен. Олар сахналаған үш қойылым көрермендерді мұңайта да, күлдіре де білді. Өнердің құдіреті осы ғой!
«Өнер қырандарының» екі концертінен түскен қаржы өңірімізде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде беріледі.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.05.2017
3775
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру