Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті Рамазанға орай Ақжайықта пресс-конференция өтті (ФОТО)

19.05.2017 3307 0 пікір

Қасиетті Рамазан айына орай, ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен БҚО Қазақстан орталық коммуникациялар қызметі орталығында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-конференция болып өтті.

Алдымен БҚО бойынша өкілі, Орал облыстық орталық мешітінің Бас имамы  Руслан Тыныштықұлы сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа Үндеуін жеткізіп,  исі мұсылман жамағатын сағындырған "Қасиетті Рамазан" ай турасында кеңінен мағлұмат беріп, "Ораза ұстаудың артықшылығы" жайында тоқталып, екі дүниенің сардары, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүйіншілеген істерімен сауапқа кенеліп, екі дүниенің рахатына  бөленуді нәсіп етсін деп тілегін жеткізді.

Пресс-конференцияда қасиетті Рамазан айына дайындық шаралары, Ақжайық өңірінің тұрғындарын оразаның шарттарымен ақпараттандыру, қасиетті айда қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, аталмыш ай турасында бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау секілді біршама мәселелер қаралды.

Жиын соңында БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына өкіл имам жауап берді.

 

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру