Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар Техас университетінің профессорымен кездесті (ФОТО)

18.05.2017 3522 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты басшылығының ұйымдастыруымен ілімін шыңдап отырған имамдар Техас техникалық университеті, философия ғылымдарының профессоры Костика Брадатанмен кездесті.

Оның еңбектерінің басым бөлігі Батыс философиясының тарихы, дін философиясы және тағы басқа тақырыптарды қамтиды.  Профессор Костика Брадатан «Идея үшін құрбан болу» («Dying for Ideas»), «Философтардың қауіпті өмірі» («The dangerous Lives of the Philosophers») атты және, сонымен қоса, он шақты кітаптардың авторы және бірлескен авторы.

Кездесу барысында Профессор Костика Брадатан «Бұл менің Қазақстанға екінші рет іс-сапармен келуім. Алматы қаласына келуді бір жылдай жоспарладым, алдағы уақытта тағы да тәжірибе алмасу мақсатында келуді көздеп отырмын. Ал, жалпы сіздер мен бізді тығыз байланыстыратын білім беру жайына келер болсақ, Техас университеті студенттеріне Орта Азия жайында жалпы ақпарды мұсылман елдері өкілдерінің, анығырақ айтсақ, түркі халықтарының ислам және дәстүр жайлы түсірілген фильмдерін жиі көрсету арқылы береміз» - деді.

Ислам институтының директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы «Ислам діні Адам Пайғамбардан (оған Алланың сәлемі болсын) бастап соңғы Елші – Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  дейінгі барлық пайғамбарларды игі тұтады, мойындайды. Байқап қарасаңыз, мұсылмандар балаларының атын Адам, Иса, Мұса, Сүлеймен деген сияқты басқа да пайғамбарлардың аттарын қояды. Жаратушы барлық пайғамбарларды адамзаттың жүрегін емдеу үшін жіберді. Демек, адамдардың жүрегіндегі уайымды басып, бақытқа жеткізу. Адамды бақытты өмірге жетелейтін үш формула - иман, денсаулық және бейбітшілік», - деп ислам әлемінің негізгі философиясымен бөлісті.

Имамдардың білімін жетілдіру

Ислам институтының баспасөз орталығы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру