Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде облыстағы қала, аудан және ауыл имамдарының басқосуымен кезекті жиналыс өтті.
Кездесу барысында облыс имамдары қасиетті Рамазан айында атқарылатын іс-шаралар жоспарын талқылады.
Павлодар облыстық өкілдігінің Бас имамы Нариман Исенов имамдарды ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айына байланысты Үндеуі және бұйрығымен таныстырып, атқарылмақ игі іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттілігін айтты.
Әр мешіттің қызметкерлеріне Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері мен Ораза кестесін жамағатқа жеткізу міндеті айтылды. Биылғы жылы ҚМДБ Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілгент болатын.
Ораза айт мерекелерін мешіт ауласында, мәдениет орындарында дініміз бен дәстүріміз шеңберінде, ұлттық нақышта тойлануы керектігі айтылды. Материалдық мүмкіндіктеріне сай дін жанашырларының қолдауымен Рамазан айында қайырымдылық акциялар өткізілетін болды. Оның ішінде, тұрмысы төмен адамдарға, көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға материалдық көмек, азық-түлікпен әрі киім-кешекпен көмек көрсету.
Бас имам Нариман Ермекұлы басқосуға жиналған діни қызметкерлерді қасиетті айдың әрбір уақытын тиімді пайдаланып, жамағатты жақсылыққа үндеп, ізге істерді белсенді атқаруға шақырды.
Сонымен қатар, жиналыс барысында медреселер мен «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетіне шәкірт дайындау, жазғы сауат ашу курстарын ұйымдастыру туралы нақты іс-шаралар жоспары бекітілді.
«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.05.2017
3268
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру