
Бүгінгі таңда жаназа кезінде орын алатын келеңсіз көріністер көптің назарын аударған мәселе екенін жоққа шығармау керек. Жақында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жаңа жаназа рәсімі туралы пәтуа жарыққа шыққан еді. Ақмолалық имамдар да бұл пәтуа жөнінде ой бөлісіп, пікір алмасты.
Жергілікті жерде жерлеу кезінде ысырапшылдыққа жол берушілік жиі орын алады. Басқа да діни рәсімдер бұрмаланып, «жабайы» молдасымақтардың елді адастырып жүргені де жасырын емес. Кейде мешіт имамы жаназа намазын шығара алмай, оны міндетін әлгіндей молдалардың орындайтыны өзекті мәселе екенін айтар едік.
Облыс имамы Қуаныш Сәбит жергілікті жерде жерлеу рәсімдері қалай жүзеге асырылып жатқанын имамдардан естіп, хабардар болды. Қарап отырсақ, әр өңірде бұл рәсімді орындау әртүрлі екенін көреміз. Бірінде ысырапшылдыққа тоқтау салынса, енді бір өңірлерді бұл мәселе енді ғана бастау алуда.
Атбасар ауданының Бас имамы Ақылбек Чопабеков өз өңірінде жерлеу кезіндегі ысырапшылдық ел ақсақалдарының ортақ мәмілесімен тоқтатылғанын атап көрсетті. Мұндай жақсы бастамалар Астрахан, Есіл аудандарында да қолға алынған. Ал, Көкшетау қаласында да арнайы үндеу қабылданып, жерлеуді шариғат жолымен жүргізіп, ысырапшылдықты тоқтату керек деген ұйғарым жасалды.
Әрине, бұл бір күннің аясында атқаратын іс емес. Оған бірталай уақыт та талап етіледі. Сондықтан бұған барынша көңіл бөлу керектігі баса айтылды.
Бақыт Смағұл.
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.05.2017
3914
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру