Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Өкіл имам семинарда дәріс оқыды (ФОТО)

17.05.2017 3610 0 пікір

16 мамыр ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы күні кеше ашылу салтанаты өткен үш күндік имамдар семинарында «Хадис тағылымы» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

«Хадис – өз бастауын Құраннан алатын Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмметін тура жолға бастайтын өсиет сөздері. Хадис – сүннет негізі. Ислам дініндегі Құраннан кейінгі қос қайнар көздің бірі. Сондықтан хадистен тағылым алу – Құран хикметін терең түсінуге жол ашады», – деді Бас имам өз сөзінде. 

Дәріс соңында имамдар өз сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасылды.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру