Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде екі күндік семинар басталды. Оған аудандық мешіттердің Бас имамдары мен наиб имамдары және ауыл молдалары қатысуда. Оларға ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айына байланысты құттықтауының, Үндеуінің және бұйрығының мәтіндері ұсынылды.
Облыстық семинарды ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы кіріспе сөзбен ашты. Ол ҚМДБ-ның жуырда Төралқа мәжілісінде талқыланған мәселелерге, имамдардың Республикалық форумында қабылданған құжаттарға егжей-тегжейлі тоқталды. Сонымен бірге, Рамазан айында атқарылмақ игі іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігі атап айтылды.
Осыдан кейін шараға арнайы шақырылған ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы сөз алды. Ол алдымен ҚМДБ-ның жаңа туындылары – «Дін мен дәстүрдің» екінші кітабы мен «Жаназа және жерлеу рәсімдері» пәтуасын таныстырды.
Семинарға қатысушылар, сонымен қатар, ақида мәселелері бойынша тест сұрақтарына жауап қайтарды. Одан соң «Ақылмен үкім жасау және оның түсінігі» деген тақырыпта белгілі теолог Сансызбай Құрбанұлының дәрісіне ден қойды. Ал түстен кейін «Алланың сипаттары» деген тақырып әңгіме арқауына айналды.
Танымал дінтанушы Сансызбай Құрбанұлы «Қазақстан-Петропавл» және МТРК телеарналары арқылы сұхбат берді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.05.2017
3110
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру