Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айына дайындық жиналысы өтті (ФОТО)

17.05.2017 3834 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде облыстағы қала, аудан және ауыл имамдарының басқосуымен кезекті жиналыс өтті. Жиналысқа облыс имамы Смайыл Сейітбеков төрағалық етіп, күн тәртібіндегі бірнеше мәселелерді таныстырып, талқылады.

Отырыста алда келе жатқан Рамазан айының дайындығына баса назар аударылды. Сондай-ақ, медреселер мен "Нұр-Мүбәрак" университетіне шәкірт дайындау, жазғы сауат ашу курстарын ұйымдастыру туралы нақты іс-шаралар жоспары тыңдалды.

Рамазанға қатысты шаралар қатарында ауызашар кестесін тарату, Бас мүфтидің құттықтауы мен Үндеуін БАҚ бетіне жариялау, қайырымдылық шаралары мен ауызашар дастарханын ұйымдастыру т.б. мәселелер имамдар қаперіне берілді.

Жиын барысында өкіл имам Смайыл Сейітбеков жаназа пәтуа кітабы шыққандығын, діни іс шаралардың орындалуы талапқа сай жүру керектігін ескертті. 

Теріс ағым өкілдерімен жүйелі жұмысты жандандыру  жайы айтылды. Сондай-ақ, мешітке келуші жамағатпен дұрыс мәміле жасау , имамдардың жүріс–тұрысы, киім әдебі мен сөйлеу әдебінің сақталуы керектігі сөз болды.

Жиын соңында әрбір  қала, аудан, ауыл имамдарына Рамазан айына арналған іс –шаралар жоспары мен бағдарлама жасақтап, уақытлы есеп жіберіп отырулары міндеттелді.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру