
Жылда көктем келісімен абаттандыру, тазалық жасау, зираттардың айналасын тазалау жұмыстарын жүргізу облыс көлеміндегі барлық мешіттерде үрдіске айналған. Аталмыш жұмыстар быйылда өзінің жалғасын тапты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет осы шараға ерекше көңіл бөлуде.
Соның айғағы ретінде жақында Қостанай қаласында Абай көшесі бойындағы ескі қорымды тазалау жұмысы жүргізілді.
Оған мешіттердегі "Жалпы және жастар ісі" бөлімінің өкілдері, дін қызметкерлері және шәкірттер белсене қатысты.
- Дүниеден өткен ата-бабаларымызға, барша азаматтарға құрмет көрсету тірілердің парызы. Сондықтан да мұндай игі мақсаттағы шаралар барлық қалалар мен аудандарда жалғасын табады, - дейді наиб имам Икрам Бақытжан.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.05.2017
3584
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру