Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әйел және қоғам» тақырыбында семинар өтті (ФОТО)

16.05.2017 3413 0 пікір

Кеше Ақтөбе қаласындағы әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығында «Әйел және қоғам» тақырыбында семинар өтті. Оған сауат ашу курсының шәкірттері мен әр түрлі жастағы әйелдер, қыз-келіншектер қатысты.

Семинар барысында мешіт ұстаздары қазіргі зайырлы қоғамдағы әйелдің рөлі, мәртебесі мен міндеті, әйелдің қоғаммен байланысы жөнінде сөз өрбітті. ҚМДБ-ның "Әйелдер-қыздар" секторының облыстағы өкілі Диляром Бектаева орамалдың шариғаттағы үкімін айтып, паранджа, ниқаб сөздерінің әрқайсысына жеке-дара түсінік беріп өтті.  Орталық жетекшісі Талшын Қожахметова шариғатта белгілі бір түстің міндеттелмейтіндігін, соның ішінде, қара түсті киім киюдің шарт емес екендігін тілге тиек етті. Қазақтың ұлттық танымында қара түстің көбінесе теріс, жағымсыз мағынада қолданылатындығын жеткізіп, соның ішінде, қара жамылу, бетті басу, бетті бүркеу ұғымдары қайғылы, қаралы жағдайды білдіретіндігін айтты. Өз кезегінде ұрпақты тәрбиелеуші, отбасының ұйытқысы болған әйелдің шариғи білім шеңберінде ғана шектеліп қалмай, жан-жақты болуы керектігі туралы айтылып, тақырып аясында бейнероликтер көрсетілді. Әйелдер мен қыз-келіншектер өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды. 

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру