Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей өкілдігінде Рамазан айына дайындық талқыланды (ФОТО)

16.05.2017 3178 0 пікір

Төралқа жиынына қатысып келген Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы қала және аудан мешіттерінің имамдарының басын қосты. Ең алдымен, дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің: «Қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу, ол біз үшін абырой әрі сын», – деген сәлемдемесін жеткізе отырып, сауабы еселеніп берілетін бұл айда қайырымдылық акцияларын, мейлінше, көбірек ұйымдастыруды, отыз күн бойына ауызашар беруді, қасиетті Қадір түні кешінде арнайы ғибратты шаралар өткізумен қатар, біршама игілікті істерді жүзеге асыру керектігін мешіт имамдарына ескерте айтты. Жиын барысында "Жаназа" кітабының таныстырылымы болды.

Жиын соңында мешіт имамдары Рамазанға қатысты қосымша ұсыныс-тілектерін ортаға салып, өз ойларымен бөлісті.

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру