Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жәрмеңкеден түскен қаражат мешіт құрылысына жұмсалады (ФОТО)

16.05.2017 3469 0 пікір

ҚМДБ-ның "Әйелдер-қыздар" секторының жуырда ғана Хромтау ауданынан құрылған өкілдігі өз жұмысын бастады.  

Аталмыш өкілдіктің ұйымдастыруымен жақында Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде игі бастама қолға алынып, мешіттің әйелдерге арналған діни сауат ашу курсының шәкірттеріне, жалпы әйелдер мен қыз-келіншектерге әр аптаның сенбі және жексенбі күндері шариғи тақырыпта дәріс өткізу үрдісі қалыптастырылды. Алғашқы дәрісті Ақтөбе қаласындағы әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығының жетекшісі Талшын Қожахметова жүргізіп, әйелдің исламдағы және бүгінгі қоғамдағы орны, туралы айтты. Сондай-ақ, орталық аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен қолға алынған жаңа бастамаларға тоқталып, бұл өз кезегінде сектордың алдағы жұмысына да тың серпін берді.

"Әйелдер-қыздар" секторының аудандағы өкілдіні қолға алған тағы бір бастама -  қайырымдылық жәрмеңкесі. Жамағатты бір болуға, өзге мұсылман бауырына мейірімді болуға үндейтін бұл шара алғаш рет өткен жұмада өтті. Мұнда әр түрлі бұйымдар мен тәттілер сатылып, одан түскен қаражат мешіт жанынан бой көтергелі жатқан асхананың құрылыс жұмыстарына жұмсалмақ.

Хромтау аудандық

«Нұр» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру