Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы имамдары Рамазан айы қарсаңында дөңгелек үстел өткізді (ФОТО)

16.05.2017 3561 0 пікір
Алматы орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек Ауесханұлының жетекшілігімен Алматы имамдары дөңгелек үстелде бас қосты. Рамазанның жақындауымен қасиетті айда өткізілетін шаралар мен ауыз бекіту-ашу уақыттары және айт намаздың оқылу уақыты талқыға салынды.
Жиын барысында Нұрбек қажы негізгі ұйымдастырылатын шаралар қатарында «Пітір садақаны» елге насихаттау барысын бағдарлап: «Әлеуметтік желілердегі ҚМДБ-ның бекіткен пітір садақа бағамы жайлы пікірлерді өздеріңіз оқыған боларсыздар? Бұл әлі де болса ел тұрғындары арасында ата дініміз бен ата дәстүрімізден алыс қалған бауырларымыздың бар екенін көрсетуде. Сондықтан өз уағыздарыңызда, қоғам арасындағы сәттеріңізде пітір садақаның тәртібін түсіндіре отырып, Муфтият ешбір адамды қасиетті айда беретін пітір садақасын белгіленген орынға беруді міндеттемейтіндігін, керісінше, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының міндеті - пітір садақаның ең аз мөлшерін белгілеп беру», - дей келе пітір-садақа беру әдептерін қала тұрғындарына жеткізуін бас имамдарға қатаң түрде тапсырды.
Шара барысында Рамазан айының қадір-қасиетін халыққа жеткізер бірнеше жаңашыл бағыттар бекітілді. Сөз соңында Алматы имамдарының және Қазақстан жұршылығының Рамазан айындағы ұстайын деп отырған оразасы мен дін үшін, ел үшін атқарар қызметтерінің жемісті болуын тілеп Саттарқұл қажы бата берді.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру