Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде «Бабалар еккен шынарды балалар саялайды» акциясы өтті (ФОТО)

15.05.2017 3451 0 пікір

ҚМДБ Қазақстан қалаларында орналасқан өз өкілдіктеріне қоршаған ортаны көріктендіру мақсатында ағаш егу шарасын ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Осы тапсырмаға сәйкес, ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Бабалар еккен шынарды балалар саялайды» атты шарасын ұйымдастырды.

Бұл шараға қаламыздың ақсақалдары қатыстырылды. Олар Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ауласына самырсын көшеттерін отырғызды.

«Мешіт ауласын көріктендіру, табиғатқа жанашырлықпен қарау мұсылмандық үлгілі істердің қатарына жатады. Біз осы мақсатпен облыстық мешіттің ауласына көшеттер отырғызу шарасына ақсақалдарды қатыстырып отырмыз. Олар бұл бастаманы қолдап, өз үлестерін қосуда», - дейді шараны ұйымдастырушылар.

 

ҚМДБ ШҚО Өскемен аймағы бойынша баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру