13 мамыр күні Астана қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен қалалық сенбілік шарасына Елордамыздағы дін қызметкерлері де белсене атсалысып, шаһарды абаттандыру жұмысына үлес қосып қайтты. Бейбітшілік пен келісім сарайынан көлбей жайылған Президент саябағында өткен ағаш отырғызу жұмысына Астана қаласындағы мұсылман, христиан, протестант дінінің өкілдері және әкімдік қызметкерлері қатысты.
Аталмыш шараға ҚМДБ-ның наиб мүфтилері Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мен Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, түрлі мемлекет басшылары мен қоғам қайраткерлері өз қолдарымен ағаш отырғызған саябақ ішіне ғасырлар бойы жайқалып тұратын өз қолтаңбаларын қалдырды. Айта кетейік, ҚР Тұңғыш президентінің саябағы ішінде әлемге танымал жандардың өз қолымен отырғызған естелік ағаштары өте көп кездеседі.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.05.2017
3388
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру