Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарлық имамдар ардагерлерге алғысын жеткізді (ФОТО)

13.05.2017 2981 0 пікір

Мереке күндері Павлодар ауданы Красноармейка ауылының имамы Медет Қажуев, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің ұстазы Жұлдыз Қажуева және курсқа қатысатын шәкірттермен бірге Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады.  

«Сұрапыл соғыс жылдарындағы аталарымыздың жанқиярлық ерлігін ұмытпауымыз қажет. Өйткені олардың жасаған жақсылығы ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Қазақ батырлары өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді», - дейді Медет Қажуев.

Кездесу барысында ардагерлер қиын-қыстау кезіндегі халықтың жасаған өнегелі істері туралы әңгімелеп берді.

«Осы күндері біз 16 соғыс ардагерінің үйіне барып қайттық. Соның ішінде 6 ата қария жасына жеткен, әрқайсының жасы 80-нен асқан. Екі соғысқа қатысқан Бахриден Сырымов атамыз 108 жасқа келіпті! Ол кісі Кенжекөл ауылында тұрады. Красноармейка ауылында 3 ардагер тұрады, қалғандары қалада», – дейді Жұлдыз ұстаз. 

Жастар осы бейбіт өмірді сыйлаған соғыс ардагерлеріне шексіз алғыстарын жеткізіп, гүл шоқтары мен сый-сыяпаттарын тарту етті.

Ақсақалдар өз кезегінде ризашылықтарын білдіріп, ақ тілек-баталарын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру