Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Өнер қырандары" Ақжайықта (ФОТО)

12.05.2017 3678 0 пікір

Бүгін  Орал қаласындағы  "Нұр Отан" ғимаратында ҚМДБ-ның бастамасымен "Өнер қырандары" театры "Берекелі мереке" атты рухани-патриоттық кеші өтті.

Осы жоба арқылы театр қасиетті Рамазан айы қарсаңында асыл дініміз исламның рухани құндылықтарын, халқымыздың салт-дәстүрін насихаттап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді.

Рухани шарада ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов жиналған қауымды келе жатқан "Рамазан" айымен құттықтап, "Өнер қырандары"  ұжымына сәттілік тілеп, өнердің шыңынан көріңіздер,-деп ақ тілегін білдірді.

Залға көрермен лық толып, имани сахналық көріністер халық көңілінен шығып, көздерге қуаныш сезімі ұялады.

Кеш соңында аталар  мен  ақ жаулықты  әжелер баталарын берді.

Нұрлан  САМАТҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру