
ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторының облыстағы өкілі Диляром Бектаева бастаған бір топ шәкірттер мереке күні ардагер әжелерді зиярат етті. Сұм соғыстың суығын сезініп, қаралы хатты да, жаралы жауынгерді де көзбен көрген ардагер әжелердің өнегелі өсиетін тыңдап, батасын алып қайтты.
Тоқсанның үшеуіне келген Лоткова Вера әже соғыс басталған қырық бірінші жылы бар болғаны 18 жастағы бойжеткен болатын. Соғыстың үш жылын майдан даласында өткізген ол байланысшы болып, қиын зұлмат кезеңді көзбен көрген жан. Бүгінде жалғыз ұлынан екі немере сүйген бақытты, батыр әже бейбіт заман баянды болғай деп тілейді.
Соғыс оты шарпығанда ойын жасындағы Байгазина Дина әжей бар болғаны онда еді. Еңбекке ерте арласуға мәжбүр еткен соғыс оның бала болып мауқын баса ойнауына да мұрша бермеді. Екі аптаның ішінде пештің қызуына 50 келіге дейін картоп кептіріп, жалаң қолмен жұмыс жасаған ол қырқыншы жылдардың зұлматын осылай еске алады. Қазір 84 жастағы Дина әженің үш бірдей немересі бар.
Қос әжеге гүл сыйлап, көңілдерін көтерген мешіт ұстазы мен шәкірттері олармен шүйіркелесе әңгімелесіп, сыр бөлісті. Үлкеннің ақылын тыңдап, ақ батасын алды. Мешіттің «Сен де үлес қос» акциясының аясында қос әжеге де азық-түлік апарылып, «Біз жеңеміз», «Пусть будет мир!» атты жастарға рух беретін, патриоттық мазмұндағы өлең жолдары оқылды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің
баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.05.2017
3618
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру