Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы Орталық мешітінің еріктілер тобы табиғат аясында болды (ФОТО)

10.05.2017 3846 0 пікір

Алматы Орталық мешіті жанынан құрылған еріктілер тобының құрамы «Жастар ісі» жетекшісі Руслар Қайыргелдінің басшылығымен табиғат аясына шықты.

Ислам шариғаты ден саулықтың қадірін білуге үндейтіні баршамызға мәлім. Оның дәлелі хадисте: «...Ауруға шалдықпас бұрын денсаулықтың қадірін біл...» делінген. Жастарымыздың болашақ бағдары бола алулары үшін салауатты өмір салтын сақтап, таза ауада бір мезгіл тыныстаулары денсаулықтарына пайдасын тигізері анық.

Табиғатқа шыққан 100-ден астам жастарға Қайыргелді  Руслан «Ауызбіршілік», «Бауырмалдық» турасында уағыз айтты. Өз сөзінде жастар өкілі: «Сыр сақтай білу достықты сақтаудың кепілі»,- екендігін баса айтты.

Табиғат аясында қыздар тобы мен ерлер тобы бөлек дастарханда болды. Себебі, ерлер мен қыздардың арасында шариғат шектеулері бұзылмауын Алматы орталық мешітінің бас иамамы Нұрбек Ауесханұлы Жастар өкілі Руслан Қайыргелдіге қатаң қадағалауын табыстаған болатын.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру