
6 мамыр күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау аудан орталығы Шетпе мешітінде Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-бабаларымыз бен Маңғыстау ауданына еңбек сіңіріп, өмірден өткен ел ағаларына арнап ас берілді. Шараны аудан имамы Қобланов Іздібай мен мешіт жанынан құрылған «Иман нұры» жастар бірлестігі ұйымдастырды.
Мешіт жамағаты тарапынан ұйымдастырылған шараға Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков, Маңғыстау аудан әкімі Ж.Айтуаров, Шетпе селолық округінің әкімі Мүтәллапов Мұхтар және ақсақалдар арнайы шақырылды.
Дінім ислам деп өткен, қан майданда қаза тапқан ата-баба рухына және ауданның өркендеуіне еңбек сіңіріп, дүниеден озған азаматтарға арнап хатым Құран шығарылды. Мешітке жиналған ақсақалдарға өкіл имам уағыз айтып, артынан шығарылған хатым Құранды бағыштады. Жиылған жамағатқа ас таратылып, дастархан басында өкіл имам С.Сейтбеков «Алланың рахымы» жайында уағыз айтты.
Аудан әкімі Ж.Айтуаров шараны ұйымдастырған жамағатқа ризашылығын білдірді. Ақсақалдар да өздерін құрметтеп шақырығандары үшін аудан имамы І.Қобланов пен «Иман нұры» жастар бірлесітігінің жастарына алғыстарын айтып тарқасты.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.05.2017
3667
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру