Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде «Бауырыңа өмір сыйла» акциясы өтті (ФОТО)

08.05.2017 3251 0 пікір

Қайырымдылық шарасын әртүрлі форматта өрістету туралы Діни басқарма тапсырмаларының аясында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Бауырыңа өмір сыйла» акциясы болып өтті.

«Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығы» мекемесімен бірлесе отырып, облыстық «Халифа Алтай» мешітінде қан беруге жамағат кезекке тұрып, ынталы қатысты.

Шараның өтетіндігі туралы алдын ала жамағатқа хабарлаудың негізінде қайырымдылық шарасына атсалысқандар көп болды.

«Бұл шара арқылы қанға мұқтаж бауырларымызға көмектесуге атсалысып жатырмыз. Қайырымдылық шарасын әртүрлі бағытта үйлестіру бүгінгі күннің талабы. Шараға жамағаттар жақсы қатысуда. Алдағы уақытта да осындай шаралар атқарылатын болады», - деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.

«Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығы» мекемесінің басшылығы облыстық мешітке алғыс білдірді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру