
5-мамыр күні «Нұрсая» спорт кешенінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің жүлдесі үшін қазақша күрестен облыстық іріктеу турнирі өтті.
Турнирді ҚМДБ-ның мұнайлы өңірдегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, ата салтымызбен ұштасқан асыл дініміздегі спортпен айналысып, денсаулықты сақтаудың маңыздылығына тоқталды. «Денсаулық – аманат. Алла Тағаланың адамзатқа берген саулық сынды зор нығметіне қиянат жасамай, аман сақтау – адам баласы үшін ұлық міндет. Елдің түкпір-түкпірінде спортпен айналысып жүрген спорт саңлақтары үшін республикалық сайыс ұйымдастыруды қолға алып отырған Бас мүфтидің бастамасының мәні де осында – салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпаққа жақсылықты үлгі ету», – деді Бас имам сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп.
Баппен қоса бақ та шабатын байрақты бәсекеге 21 балуан қатысып, 20-мамыр күні өтетін республикалық турнир жолдамасы үшін өзара тартысқа түсті.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 1-орын қызылқоғалық Өтеуов Наурызбектің еншісіне бұйырды. Ал, жүлделі 2-ші орын мәресінен тағы да қызылқоғалық Төлеуішов Мәлік көрінсе, жылыойлық Қоңқақов Береке 3-ші орынға ие болып, республикалық турнирге жолдама алды.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етіліп, арнайы сертификаттармен марапатталды.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.05.2017
3279
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру