Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің имамдары жыл басынан аудан мешіттеріне тәлімгерлік (куратор) қызметін атқаруда. Мәселен, наиб имам Қабаев Қанат Павлодар ауданы мен Ақтоғай аудандарына жауапты болса, наиб имам Байдуллаев Данияр Лебяжі, Железин ауданын, наиб имам Аманқұлов Хасан Баянауыл және Шарбақты ауданын, наиб имам Қайырбеков Нұрлан Ақсу және Қашыр аудандарын, наиб имам Құдабаев Ербол Успен және Ертіс ауданын, өкіл имам Исенов Нариман Май және Екібастұз ауданына жауапты болып сол аудан мешіттеріне қатысты ұйымдастыру, әкімшілік, оқу-ағартушылық жұмыстары, мешіттерді діни мамандармен қамтамасыз ету, жат ағым өкілдерімен жұмыс жүргізу, жастармен жұмыс, жаназа рәсімін бірізділікке түсіру, мұсылман зираттарын бір қалыпқа келтіру, жерлеудің және қабір басының арнайы үлгісін жасау бағыттарындағы іс-қызметтерге арнайы жоспар бойынша атсалысуда.
Осыған орай өкіл имам Нариман Ермекұлы Май ауданында, ал наиб имам Қанат Қабдыразақұлы Ақтоғай ауданында, наиб имам Хасан Ташайұлы Баянауыл аудандарына барып, аталмыш аудандарға қарасты ауыл мешіті имам-молдаларымен арнайы жиналыс өткізіп, алдағы қасиетті Рамазан айына дайындық, еліміздегі медреселер мен діни жоғары оқу орындарына шәкірт даярлау және мешіттердегі діни сауат ашу курстарында шәкір оқыту жұмысының барысымен танысты.
Сондай-ақ имам-молдаларға ауылдағы жастар тәрбиесімен қоса «тазалық – иманның жартысы» дегендейін өз ауылы, өңірін көркейтуге, абаттандыруға ат салысу, жаз мезгілінде ауылдың әрбір көшесі мен ауыл үйлер ауласының мәдениеті мен тазалығын арттыруға мешіт тарпынан ықпал етуге бағыт-бағдар, ақыл-кеңестерін беріп, алдағы уақыттарда берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын айтты.
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.05.2017
3627
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру