Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітінде кезекті донорлық акция болып өтті (ФОТО)

05.05.2017 3218 0 пікір

Бүгін, қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Бауырыңа өмір сыйла!» атты донорлық акция болып өтті. Республикалық Қан орталығымен бірлескен түрде ұйымдастырылған игі шараға мешіт қызметкерлері мен жамағаты белсене атсалысып, орталықтың арнайы автобусы алдында ұзынсонар кезек түзілді.

Қан орталығы қызметкерлерінің мәліметі бойынша, жұма намазына дейін жалғасқан донорлық шараға жалпы саны 37 жан қатысқан. Олардың 31-нің ғана қаны таза деп табылып, қалған алты адамның өтініші кері қайтарылған. Жалпы қорытынды бойынша бүгінгі шара аясында 13 литр 95 мг қан жиналып, республикалық Қан орталығының қорына өткізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру