
Өткен аптада өкіл имам Төлеби Оспан еліміздің оңтүстік өңірінде іссапармен болып, «Сарыағаш медресесі» және «Шымкент медресесі» колледждерінің түлектерімен кездесті.
Ондағы тыныс-тіршілікпен танысып, колледждің ұстаздарымен, шәкірттерімен сұхбаттасты. Кездесу барысында биылғы медресе бітіруші түлектермен келіссөздер жүргізіп, оларды Ақтөбе өңіріне діни қызметке шақырды. Жас мамандардың білікті теологтар мен мешіт имамдарынан тәлім алып, тәжірибе алмасатын мүмкіншіліктері бар екендігін айтып, діннің дамуына қызмет етуге. Сәтті жүрген келіссөздер барысында ағымдағы оқу жылы аяқталысымен, өңірдегі ауылдық мешіттерге қосымша мамандар келеді деп күтілуде.
Естеріңізде болса, өкіл имам Төлеби Дәділұлы бұған дейін Алматы қаласындағы «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам Мәдениеті университетінде болып, онда оқитын ақтөбелік шәкірттермен кездескен болатын. Нәтижесінде, аталмыш оқу орнын биыл бітіретін 9 түлек және «Ақтөбе» медресесі колледжінен 6 шәкірт алдағы уақытта облыс мешіттеріндегі діни қызметке келетін болып шешілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.05.2017
3622
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру