Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Исламтанушы Жалғас Сәдуақасұлы мешіт шәкірттерімен кездесу өткізді (ФОТО+ВИДЕО)

04.05.2017 3623 0 пікір

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі қалыптасқан үрдіс бойынша мешіт жамағаты мен шәкірттеріне арналған кездесуге өткен аптада белгілі исламтанушы Жалғас Сәдуақасұлы шақырылып, достық тақырыбында тұщымды дүниелер айтылған болатын. Ақшам намазынан соң қаумалай отырған жамағатқа білікті ғалымның «Алла үшін достасу» тақырыбында айтқан уағызы терең ойларға жетелеп, тағылымына тәнті етті.

Араб, түрік тілдерін жетік меңгеріп, тәржіма саласында да елеулі еңбек еткен Жалғас Сәдуақасұлының жамағатты баурап алып, ғибратты мысалдарымен ғасырлар қойнауына сапар шектірген шешендігі мен шеберлігі - жылдар бойғы жинаған тәжірибесі мен білімінің арқасында екені сөзсіз. Бұған қоса, білім жолындағы ізденісі филология ғылымдарының кандидаты дәрежесіне жеткізген Жалғас Сәдуақасұлының құнарлы әдебиетімізден нәр алған ғалымдығы да кездесудің әсерлі өтуіне өз үлесін қоса түсті. Айта кетейік, Жалғас Сәдуақасұлы қазіргі таңда «Kazislam.kz» порталының бас редакторы қызметін атқарады.

muslim.kz

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру