Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Донорлық акция аяқталды (ФОТО)

03.05.2017 3304 0 пікір

«Өзгеге өмір сыйла!»

Діни басқарманың тапсырмасына сәйкес сәуір айында басталған донорлық акция жұма күні Алға аудандық мешітінде жалғасын тапты.

Облыстық қан орталығымен бірлесе өткізілген шараға мешіт жамағаты белсене қатысып, қан тапсырған 19 алғалық өзгенің өміріне арашашы болуға өз септіктерін тигізді. Әрі Алла Елшісінің өсиетін орындады. Себебі қан тапсыру – сүннет амал әрі денсаулыққа да пайдалы.

Естеріңізде болса, ай басында мәре сызығы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінен басталған акция бүгін межесіне жетті. Қала мен қос бірдей ауданның, атап айтқанда Хромтау мен Алға аудандарының жамағаты төрт бірдей мешітте қан тапсырып, қайырлы амал жасады. Шара барысында барлығы 97 адам қан тапсырды.

 

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру