Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Салауаттылық денсаулық кепілі» атты шара өтті (ФОТО)

03.05.2017 3820 0 пікір

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы имамы Қобланов Іздібай және мешіт жанынан құрылған «Иман нұры» жастар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Салауаттылық денсаулық кепілі» атты спорттық шаралары өтті. 

Маңғыстау аудандық мешіт ауласында өткен шара барысында қол күрес, гір тасын көтеру, арқан тартыс, үстел теннисі сынды спорт түрлерінен жарыс өтті. Шараға мешіт ақсақалдары, жамағаттары мен ауыл жастары және ауданға қарасты Жармыш, Шайыр, Жыңғылды ауылдарынан жастар қатысты. Шара ақсақалдар батасымен басталып, соңында жүлдегерлер дипломмен марапатталды.

Жүлделі орындардан көрінген жастарға арнайы сыйлықтар табысталды.

 

Маңғыстау облыстық орталық

 мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру