Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Зерделі жастар кітап оқудан жарыспақ (ФОТО)

03.05.2017 4093 0 пікір

ҚМДБ жастар ісі бөлімінің Ақтөбе өкілдігі және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен кітапхана тұрақты оқырмандарының арасында «Кітап – тарихтың қолтаңбасы» атты акция бастау алды.

Акция жастарға кітап оқыту арқылы олардың таным көкжиектерін кеңейту, ой ұшқырлығын, сөйлеу мәнерлерін қалыптастырып, сөздік қорын байытуды мақсат етеді. Сондай-ақ, өскелең ұрпаққа төл тарихын танытып, оларды елін, жерін сүйетін, рухы биік жастар етіп тәрбиелеуді көздейді.

Апта басында бастау алған акция аясында жастарға он кітап оқуға ұсынылды. Оның ең алғашқысы – Діни басқарманың тікелей қолдауымен жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітабы. Аталмыш кітапты толықтай оқып, зерделеуге жастарға жиырма күн мерзім берілді. Мерзім межеге жеткеннен кейін оқырмандар арасында сайыс өткізіліп, жастардың кітап мазмұнын қаншалықты түсініп игергендіктері тексеріледі.

Акция аясында қамтылған бұдан өзге кітаптардың қатарында «Абай Құнанбаевтың шығармалар жинағы», «Абай жолы», «Қазақ айнасы», «Дін мен дәстүр», «Шуақты күндер», т.б. кітаптар бар. Акция бірнеше айға жоспарланған.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру