Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстаулықтар Ақтөбелік ағайынға көмек көрсетті (ФОТО)

03.05.2017 3735 0 пікір

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Маңғыстау мешіттері қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. 

Ақтау қаласындағы ірі сауда орталықтарының алдында арнайы көлік қойылып, Маңғыстау ауылдық мешітінің ауласында жәрмеңке ұйымдастырылды. Ауылдық «Миғраж» мешітінің «Үммет жастары» деп аталатын ерікті тобы шараға үлкен үлес қосты. Миғраж мешітінің бас имамы Руслан Баймұқановтың айтуынша, маңғыстаулық ағайын өздерінің көмек қолдарын созып, қайырымдылық шарасына белсене ат салысқан.  «Көп түкірсе көл» демекші, азық-түліктер мен киім-кешектер, 500 мың теңге шамасында қаражат жиналған. Сондай-ақ, Руслан Баймұқанов  арнайы көлік аманатты Ақтөбе қаласының «Нұрғасыр» мешітіне жеткізгендігін айтты. 

Қысылтаяң уақытта жандары ашып, қамқорлық танытып, судан зардап шеккен бауырларына арнап осындай шаралардың  ұйымдастырылуы – елдегі бірлік пен ынтымақтың, имандылықтың тамыр жайған көрінісі десек те болады.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру