Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Мешіт шәкірттері арасында Құран жарысы өтті (ФОТО)

03.05.2017 3702 0 пікір

Сәуір айының 30 күні Алматы қаласы Алатау ауданы «Мырзахмет» мешітінің ұйымдастыруымен мешітте сауат ашып жатқан шәкірттер арасында Құран жарысы өтті.

Бұл жарыстың мақсаты біріншіден шәкірттердің білім деңгейін сынау ретінде болса, екінші мақсаты шәкірттер арасында Құран жаттауға деген құлшынысты арттыру.

Құран Кәрім бойынша жарыс үш бағыт бойынша өтті. Ең бірінші жарыс 10 сүре, жарты пара бойынша және құранның 30-шы парасы бойынша өтті. 10 сүре бойынша: 1-ші орынды Қабділмәлік Дидар, 2-ші орын Оңғарбай Бейбарыс, 3-ші орынды Мейрамбек Муслим және  Ахманов Нұрлан өзараларында бөлісті . Жарты пара бойынша: 1-ші орын Шәкенов Бағлан, 2-ші орын Сандыбаев Елдос, 3-ші орын Ерқожа Елнар. 30-шы пара бойынша: 1-ші орынды Жекен Айбол, 2-ші орын Жарасбаев Эмиль, 3-ші орын Сабитов Абдулла жеңіп алды. Жүлделі орын алған шәкірттер естелік сыйлықтармен марапатталды. Жарыс барысында мақамы жақсы және тажуиді жақсы болған жігіттерге арнайы ынталандыру сыйлықтар берілді. Құран Кәрімнен бөлек сұрақ-жауап ойыны болды. Сұрақтар сенім, фиқһ, мәзһабтар тарихы және  тажуид ережелері бойынша болдыЖарысқа қатысқан әрбір шәкіртке Құран Кәрім сыйлыққа берілді.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру