
Қазақ ежелден ұлттық құндылықтарын дәріптеп, өнердің барлық саласында өзіндік нақыштарымен болмысын танытып келе жатқан халық. Әлемді де осы өнерімен мойындатып келеді.
Соның бірі – күрес. Оның ішінде қазақ күресі де өзінің әр түрлі тәсілдерімен жанкүйерлерін таң қалдырып келеді. Жастарымыздың бойындағы спортқа деген құлшынысын арттырып, қазақ күресінің дамуына үлес қосу мақсатында Таразда Бас мүфти Ержанқажы Малғажыұлының жүлдесі үшін «Қазақша күрестен IV Республикалық турнирге» іріктеу сайысын өткізді.
Үш сағаттық сайыста әртүлі салмақтағы 12 адам күрес алаңына шықты. Қазбеков Нұржан бастаған әділ қазылар алқасы әрбір сәтті қалт жібермей бақылап, бағасын беріп отырды. Жарыс соңында I-ші орынды Пахреддинов Дәулет, II-ші орынды Күзенбаев Қанат, III-ші орынды Теңгебаев Айдос иеленді. Жанкүйерлердің алғысына бөленген жеңімпаздарға облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Даниярқажы ақшалай сыйлықтар беріп, IV Республикалық турнирге жолдама табыс етті. Жерлестерімізге сәттілік, ақ жол тілейміз.
ҚМДБ Жамбыл облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.05.2017
3246
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру